Абат Айымбетов қарсыласының тісін сындырды

465

Абат Айымбетов Түркия чемпионатындағы (35-тур) кезекті матчта тағы да көпшіліктің талқысына түсті.

Абат Айымбетов қарсыласының тісін сындырды Фото: kff.kz

"Адана Демирспор" сапында өнер көрсететін қазақстандық футболшы "Бешікташқа" қарсы кездесуде күтпеген жағдайға тап болды.

Ойынның небәрі 22-минутында Айымбетов әуедегі допқа талас кезінде шынтағымен Габриэль Паулистаның бетіне соғып, қорғаушының тісін сындырды. Соған қарамастан, ол алаңда қалып, матчты соңына дейін жалғастырды.

Айта кетейік, Паулиста – кезінде әйгілі "Атлетико" мен "Арсенал" клубтарының намысын қорғаған тәжірибелі футболшы.

Бұл сәт жанкүйерлер мен сарапшылардың наразылығын тудырды. Әлеуметтік желілерде Айымбетовтің әрекеті қызу талқыланып жатыр. Ал шабуылшының өзі 55-минутта тағы бір тәртіп бұзып, сары қағаз алды. Бұл оған жасалған маусымдағы төртінші ескерту. Енді Абат келесі кездесуге қатыса алмайтын болды.

Матч "Бешікташтың" ірі жеңісімен аяқталды – 4:1.

Тағы бір қазақстандық футболшы, "Бешікташтың" жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов бұл матчта жарақатына байланысты алаңға шыққан жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу