Абат Айымбетов "Қасымпаша" қақпасына гол салды

303

Матч алдында "Адана Демирспордың" бас бапкері қызметінен кетті.

Абат Айымбетов "Қасымпаша" қақпасына гол салды Фото: Жеке парақшасынан

Түркия Суперлигасының 22-турында "Адана Демирспор" және "Қасымпаша" командалары кездесті. "Адана Демирспор" алаңындағы матч 5:3 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды.

Осы ойында "Адана Демирспордың" қазақстандық қорғаушысы Абат Айымбетов 88-минутта үш ойыншының ортасында шеберлік танытып, "Қасымпаша" қақпасына гол соқты (3:5). Бұған түрік комментаторы "Bir güzel gol oldu" деп тәнті болды.

Бұл Абаттың түркиялық команда сапында өткізген 16 матчтағы төртінші голы.

Осы матчтың алдында Айымбетовтың командасы бас бапкерін ауыстырды. Қызметінен кеткен Мұстафа Далчидің орнына "Манчестер Сити" жүйесінде жұмыс істеген Мұстафа Алпер Авжы тағайындалды.

Айта кетейік, "Адана Демирспор" 5 ұпай жинап, турнирлік кестеде соңғы, 19-орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу