Абат Айымбетов: "Кешегі күнмен өмір сүрмейміз"

1260

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ирландия құрамасымен кездеседі. Алтыншы тур аясындағы ойын ертең, 10 қыркүйекте Астанада өтеді.

Абат Айымбетов: "Кешегі күнмен өмір сүрмейміз" Фото: kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ирландиямен болатын ойын жайлы пікірін білдірді.

"Көңіл-күй жақсы. Ертең жақсы ойын көрсетіп, жеңіске жетуге тырысамыз. Ойынға дайынбыз. Қазақ халқымыз күтіп отқанда, әр футболшымыз жүрегімен ойнаса, елімізді әлі талай қуантамыз деп ойлаймын. Голды көріп көріп болдық қой (Солтүстік Ирландияға қарсы өткен ойында). Кешегі күнмен өмір сүрмейміз, өмір жалғасып жатыр. Халқымызға осындай қуанышты тағы неге сыйламасқа. Бар күшімізді ертеңгі ойынға салып, жанкүйерлерімізді қуантамыз деген ойдамыз", - деді Абат Айымбетов.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Әдиев матч алдындағы баспасөз мәслихатында команданың Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ирландияға қарсы ойынға дайындығы туралы айтты.

"Өзгерістер болады. Соңғы матчқа дайындала отырып, Солтүстік Ирландияға қарсы өзгерістер болатынын түсіндік. Әр ойында түзетулер енгізіледі. Олардың командасы құрамы жағынан үлкен проблемаларды бастан кешіруде. Мен әріптесімді қолдағым келеді. Бізде өз мәселелеріміз бар, біз соңғы ойында жеңіліп қалдық, енді өз қалпымызға оралуымыз керек. Олардың басқа схемаға көшкенін білеміз. Белгілі бір тактикалық дайындық бар, біз табысқа жетеміз деп үміттенемін. Барлық жеңіліс ауыр. Финляндиядан жеңілгенімізге көңіліміз толмай отыр. Бұл футболдың бір бөлігі, біз бәріміз жеңісті жақсы қабылдаймыз, бірақ жеңілістерді абыроймен көтере алатындар аз. Менің ойымша, біздің қолымыздан бұл келді. Әрине, сырт алаңда жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Бұл қазірдің өзінде тарих, бірақ біз Солтүстік Ирландиямен сырт алаңдағы ойынның бөліктерін алған да жоқпыз", - деді Әдиев.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қыркүйекте Әдиев шәкірттері Астанада топ көшбасшысы Финляндиядан 0:1 есебімен жеңілген болатын. Бес турдан кейін Қазақстан құрамасы тоғыз ұпаймен H тобында төртінші орында келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу