Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Плоешти қаласының "Петролул" клубымен келісімшартқа қол қойды.
Клубтың мәліметінше, 30 жастағы футболшы ағымдағы маусымның соңына дейін келісімшартқа отырған. Құжатта оның ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған. Осылайша Айымбетов румыниялық команданың шабуыл шебін күшейпек.
Абат Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 45 матч өткізіп, 9 гол соққан тәжірибелі футболшы. Бұған дейін ол түркиялық "Адана Демирспор" командасында өнер көрсетіп, бір жарым маусымда 37 ойынға қатысып, 6 гол соққан. Сондай-ақ Айымбетов "Қайрат", "КС Самара" (Ресей), "Астана" және "Ақтөбе" клубтарында да доп тепкен.
Соңғы клубы "Адана Демирспор" болатын. Аталмыш команда 2025 жылғы шілде айында Түркия Суперлигасынан шығып қалды.