Абат Айымбетов Түркия Суперлигасында тағы да гол салды

241

Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов Түркия Суперлигасының 37-турындағы кезекті матчтың басты қаһарманына айналды. 

Абат Айымбетов Түркия Суперлигасында тағы да гол салды Фото: Адана Демирспор

“Адана Демирспор” сапындағы жерлесіміз 82-минутта алаңға шығып, 94-минутта жеңіс голын соқты. Оның соңғы сәттегі дәл соққысы командасына “Истанбул Башакшехирді” 3:2 есебімен жеңуге мүмкіндік берді.

Бұл Айымбетов үшін биылғы маусымдағы бесінші голы. Ол Түркия чемпионатында 26 матчқа қатысып, әр кез алаңға шыққан сайын белсенді ойынымен көзге түсіп келеді.

Тіпті, қиын жағдайдағы “Адана Демирспорға” жан бітірген бұл гол клуб үшін маусымдағы есте қалар сәттердің бірі болды. 

Бірақ, өкінішке қарай бұл жеңіс командаға турнир кестесіндегі жағдайын түбегейлі өзгертуге жеткіліксіз болды. Десе де, Айымбетов өзінің шеберлігі мен ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл ойын оның шет елдегі мансабындағы жарқын белестерінің бірі деуге толық негіз бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу