Абат Айымбетов түркиялық клуб сапындағы алғашқы голын соқты

508

Қазақстандық футболшы Абат Айымбетов түркиялық "Адана Демирспор" клубы сапындағы алғашқы голын соқты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Абат Айымбетов түркиялық клуб сапындағы алғашқы голын соқты Фото: ФК "Адана Демирспор"

Кеше "Адана Демирспор" ел біріншілігінде "Антальяспор" командасымен кездескен еді.

Қазақстандық футболшы 46-минутта жасыл алаңға шығып, 65-минутта қарсылас команда қақпасын дәл көздеді. Оған бір командада ойнайтын әріптесі, алжирлік Юсеф Атал пас шығарып берді.

Кездесу барысында "Адана Демирспор" қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Абат Айымбетов "Адана Демирспор" клубына биыл ақпан айында ауысты. Келісімшарт 1,5+1 жүйесі негізінде жасалған. Ол түркиялық командада сенегалдық шабуылшы Мбайе Ньянгудің орнын басты.

"Адана Демирспор" 2021/22 жылғы маусымнан бері Түркия суперлигасында ойын көрсетіп келеді.

Түркия суперлигасының 37-турынан кейін команда 44 ұпаймен он бірінші орында келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу