Әбиба Әбужақынова дзюдодан Азия ойындарының 2 дүркін күміс жүлдегері атанды

311

Бұл – отандасымыздың сары құрлық ойындарындағы екінші күмісі.  

Әбиба Әбужақынова дзюдодан Азия ойындарының 2 дүркін күміс жүлдегері атанды Фото: olympic.kz

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына дзюдодан алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Әбиба Әбужақынова – 48 келіге дейінгі салмақтың финалында жарыс қожайыны Митсуки Кондомен күш сынасты. Шиеленісті өткен белдесуде жапон палуаны басым түсті.

Бұл – Әбибаның сары құрлық ойындарындағы екінші күмісі. Әбужақынова 2023 жылы Ханчжоуда күміс жүлдегер атанған.

Сондай-ақ Әбиба – әйелдер арасында Азиаданың финалында Варвара Масягинадан (1998 жылы, Бангкокта күміс) кейін күрескен екінші отандасымыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу