Әбиба Әбужақынова Душанбедегі Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

162

Әбиба Әбужақынова Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam турнирінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. 

Әбиба Әбужақынова Душанбедегі Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды Фото: gov.kz

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде өзбекстандық, 20 жастағы Улбусын Хакимовамен татамиге шықты.

Әлемдік рейтингіде 6-орында тұрған Әбиба Әбужақынова белдесуді көпке созған жоқ, қарсыласын иппон әдісімен жеңді. 

Бұған дейін Әбиба Әбужақынова жартылай финалда қытайлық Вене Жуангқа есе жіберген болатын. Ал Жуанг финалда моңғолиялық балуаннан жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу