Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

217

Бұл Әбибаның әлем чемпионаттарындағы үшінші жүлдесі. 

Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды Фото: Қазақстан Дзюдо федерациясы

Қазақ дзюдосының жарқын жұлдызы Әбиба Әбужақынова Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында күміс медаль жеңіп алды.

Шешуші белдесуде ол италиялық тәжірибелі спортшы, әлем біріншілігінің бірнеше дүркін жүлдегері Ассунта Скуттоға есе жіберді. 

Әбужақынова үшін бұл әлем чемпионаттарындағы үшінші жүлде. Бұған дейін ол 2022 жылы қола медаль, 2024 жылы тағы бір қола медаль жеңіп алған болатын.
 
Финалдық жекпе-жектен кейін қазақстандық дзюдошыны Олимпиада чемпионы Елдос Сметов қарсы алып, әлем біріншілігінің "күмісімен" құттықтады.
 
Тарихи жетістікке қарамастан, спортшы чемпиондыққа бір қадам жетпей тоқтағанына көңілі түсіп тұрғаны байқалды.
 
Айта кетейік, бұл Қазақстан дзюдосы тарихындағы алғашқы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалы болды.
 
Жеңіске деген жігері, қайсар мінезі мен табандылығы арқылы ол мыңдаған жас спортшыға үлгі бола білді. Алда әлі де асатын асулары, бағындырар биіктері көп екені сөзсіз.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу