Әлемдік рейтингіде 4-орында тұрған Әбиба 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде германиялық Сара Иштпен белдесті.
Жекпе-жек барысында алдымен германиялық дзюдошыға вазари ұпайы берілді. Іле-шала қазақстандық дзюдошы вазари әдісімен шектелмей, қарсыласын таза жеңді.
Сондай-ақ, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Мағжан Шамшадин мен Дәурен Сүюкенов қола медальді өзара сарапқа салады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу