Әлемдік турдың қорытынды кезеңі Токио қаласында өткен Grand Slam турнирі болды. Алайда Қазақстан құрамасы бұл жарысқа қатысқан жоқ. Соған қарамастан жыл қорытындысы бойынша Әбибаның еншісінде 5096 ұпай бар. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілді.
2025 жылы Әбиба Әбужақынова Будапештте (Венгрия) өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, биылғы маусымда ерлер арасында отандық дзюдошылардың ешқайсысы топ-10 қатарына ене алмады. Бұл межеге ең жақын болғандар 66 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев пен 81 келіде Абылайхан Жұбаназар. Олар рейтингте 14-орынға жайғасты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу