Абиба Абужақынова Португалиядағы додада үздік үштікке енді

802

Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Португалияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінің қола жүлдесіне ие болды.

Абиба Абужақынова Португалиядағы додада үздік үштікке енді Фото: @abiba48

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жұбаныш финалда Түркия өкілі Сила Ерсінді тізе бүктірді.

Абиба Абужақынова қола жүлдеге дейін барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады.

Атап айтқанда, іріктеу кезеңінде Эмбер Гершес (Нидерланд) пен Лаура Эспадинханы (Франция) жеңді. Алайда ширек финалда жапониялық Кано Миякиге есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде бельгиялық Лоис Петиттен басым түсіп, кіші финалға жолдама алды.

Португалияның Одивелаш қаласында басталған Гран-при додасы дзюдодан 2024 жылғы маусымның алғашқы ресми рейтингтік жарысы. Оған әлемнің 90 елінен 624 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс жеңімпазына әлемдік рейтингте 700 ұпай, ІІ орынға – 490, ал ІІІ орынға 350 ұпайдан қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу