Әбиба Абужақынова Ташкенттегі Үлкен дулыға бәсекесінде күміс иеленді

768

Ол финалда ресейлік Сабина Гилиязоваға есе жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әбиба Абужақынова Ташкенттегі Үлкен дулыға бәсекесінде күміс иеленді Фото: standard.kz

Дзюдодан Ұлттық құрама көшбасшысы Әбиба Абужақынова (-48 кг) Өзбекстан астанасы Ташкентте басталған Үлкен дулыға бәсекесінде 2-орынға тұрақтады.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, спортшы финалда Сабина Гилиязовадан жеңіліп қалды.

Бұл екі палуан арасындағы екінші белдесу. Қазір есеп 1-1. Осы салмақтағы қола жүлде Тара Бабулфат пен Тугче Бедерге (Түркия) бұйырды.

Күндізгі сессияда Әбиба Абужақынова жартылай финалда Тара Бабулфатты (Швеция), ширек финалда Мария Селия Лабордені (АҚШ) ұтты. Ал іріктеуде Тамар Малка (Израиль) мен Гүзел Янамованың (Түркменстан) осал тұсын тапқан.

Бұл қазақ дзюдошысының Үлкен дулыға санатындағы турнирдегі алғашқы күміс медалі.

Әбиба осыған дейін Баку (2024 жыл), Тбилиси (2023 жыл), Париж (2023 жыл), Абу-Даби (2022 жыл) мен Ұлан-Батыр (2022 жыл) қаласындағы Grand Slam-да қола жүлдеге ие болған.

Ол осыдан 2 жыл бұрын Ташкент татамилерінде әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесін мойнына таққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу