75 келі салмақта жұдырықтасқан Әбілхан алғашқы айналымда Оңтүстік Корея боксшысы Ким Чже Жинсейден басым түсті.
Қазақстандық боксшы жекпе-жекті өз бақылауында ұстап, екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Кездесу қорытындысы бойынша бес төрешінің барлығы да Әбілханның мықтылығын мойындаған. Осылайша, Әбілхан Аманқұл 1/4 айналымға жолдама алды. Жартылай финалға өту үшін ол өзбекстандық Фанат Қахромоновпен кездеседі.
Айта кетейік, бүгін шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшылардың барлығы да жеңіске жетті. Күндізгі сессияда Зәкір Сафиуллин (63 келі) мен Бекзад Нұрдәулетов (81 келі) алғашқы айналымды сәтті аяқтаған болатын.
Ермұхамед Мәулен