Абу-Даби WTA турниріндегі қазақстандықтардың қарсыластары белгілі болды

1628

Қазақстандық бес теннисші сәрсенбі және бейсенбі күндері Абу-Дабиде әйелдер арасында WTA ашық турнирі аясында сайысты бастайды.

Абу-Даби WTA турниріндегі қазақстандықтардың қарсыластары белгілі болды

6-13 қаңтар аралығында Абу-Дабиде өтетін Abu Dhabi WTA Women's Tennis Open турнирі жеребесінің нәтижелері белгілі болды, - деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабидегі алғашқы кезедесуін 5 қаңтар, сейсенбіде басталатын іріктеу жеңімпаздарының бірімен ойнайды. Юлия Путинцева бірінші айналымда италиялық Мартина Тревисанамен кездессе, Зарина Дияс ресейлік Екатерина Александрованы жеңуге тырысады. Негізгі жеребеге түскен тағы бір қазақстандық Ярослава Шведова квалификация жеңімпаздарының біріне қарсы ойнайды.
Ал, бүгін Анна Данилина турнирдің іріктеуіне қатысты. Оның қарсыласы қытайлық Ян Чжаосюань болатын. Іріктеу кезеңінің алғашқы кездесуде қазақстандық теннисші тартысты өткен ойында қытайлық Ян Чжаосюаньға 6: 3, 6: 7, 4: 6 есебімен есе жіберді. Матч екі сағат он үш минутқа созылды.

Дубайдағы турнирден бөлек, қазақстандық теннисшілер Антальяда өтіп жатқан жарыста бақ сынайды. ATP турниріне іріктеу кезеңінің нәтижелері белгілі болды. Жарыстың іріктеуінде қазақстандық Андрей Голубев словакиялық Алекс Молканмен кездеседі.

Әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик турнирдің негізгі кезеңінде ойнайды. Жарыс 5-13 қаңтар аралығында өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу