Әбужақынова мен Тынбаева әлемдегі үздік 10 дзюдошының қатарына енді

533

Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте орнын сақтап қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әбужақынова мен Тынбаева әлемдегі үздік 10 дзюдошының қатарына енді Фото: World Judo

БАӘ-де өткен кезекті маңызды жарыста үшінші орынға ие болған отандасымыз 48 келіде үздіктер арасында 4-орында тұр.

Бұл салмақта үздіктер көшін Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, моңғолиялық Бавуудоржийн Баасанхуу 7 226 ұпаймен бастап тұр.

Екінші орында Италия өкілі Ассунта Скутто 6 212 ұпаймен келеді. Ал үздік үштікті Париж Олимпиадасының чемпионы Нацуми Цунода 5 550 ұпаймен түйіндеді.

Бұл ретте отандасымыздың еншісінде 5 528 ұпай бар. Ол биыл Абу Дабиде өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді. Ал Париж Олимпиадасында қола медаль үшін күресіп, алайда швед дзюдосына жол берді.

Сондай-ақ, бұл салмақта белдесетін тағы бір қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева 10-орынға жайғасты. Бір ай бұрын Загреб Гран Приінде күміс жүлдегер атанған ол 9-орынға көтерілген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу