Абылай Мырзахметов: "Бизнеске тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенім керек"

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
2562

ҰКП басқармасының төрағасы Қазақстанда кәсіпкерлік қалай қанат жайғанын еске алды. 

Абылай Мырзахметов: "Бизнеске тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенім керек"

Абылай Мырзахметов зауыттар мен фабрикалар жұмыссыз тұрып қалған ауыр кезеңді еске алып: "Ол кезде тіпті жекеменшік деген түсінік болған жоқ. Жалақымызды да ала алмай жүрдік. Тіпті электр жарығы да болмады. Өскелең ұрпақ бұл туралы білу керек. Осындай қиын кезеңге қарамастан, Тұңғыш Президент нарықтық экономика құрды, жекеменшік институт енгізді, жекешелендіру жүргізіліп, жаңа ойын ережелері қабылданды", – деді Абылай Мырзахметов "Nur Otan"  партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде.

Елімізде кәсіпкерліктің қанат жаюына Елбасы өлшеусіз үлес қосты деп есептейді "Атамекен" басқармасының төрағасы.

Абылай Мырзахметов Қазақстанда инновациялық даму бағдарламасы, бизнестің жол картасы, жаппай кәсіпкерлікті дамыту сынды бизнесті қолдаудың теңдесі жоқ шаралары қабылданғанына тоқталды.

"Елбасының қолдауымен "Бастау" және микронесие беру жобаларын жүзеге асырып жатырмыз. Мыңдаған ауыл адамы өз ісін бастауға, отбасын тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік алды", – деді А.Мырзахметов.

Сөз арасында ол бизнес үшін тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенім керек екенін айтты.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы сенат төрағасы ретінде еліміздің дамуына үлкен үлесін қосты. Партия атынан ұсынылып отырған кандидат Елбасы бастаған жолды жалғастырады деп ойлаймыз және партиямыздың атынан оны қолдауға шақырамыз", – деді Абылай Мырзахметов.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу