Ереженің бұзылуы туралы әуелде қазақстандық боксшының келіншегі әлеуметтік желіде хабарлаған еді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Еске салайық, қазақстандық боксшы (71 келі) Таиландта өткен Азия чемпионатының ақтық сынында өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевтан жеңіліп қалған болатын.
Бірақ, Қазақстан құрамасы жекпе-жек барысында Асадуллаевтың ережені (тістеп алу) бұзғанын хабарлап, шағым түсірген. Нәтижесінде IBA жекпе-жекті қайта қарап, Абылайханға алтын медаль беріп отыр.
Ал өзбек боксшысы Хавасбек Асадуллаев алтынмен қоса, сыйақыдан да айырылып қалды. Сондай-ақ, белгілі-бір мерзімге жарыстардан шеттетілуі де мүмкін.
Бұған дейін жекпе-жек барысындағы өзбек боксшысының лас әрекетінің видеосы спорттық парақшаларда тарап кеткен еді.