Осылайша, ол Азия чемпионатындағы бокстан ерлер құрамасына екінші алтынды алып бере алмады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
71 келі салмақта ел намысын қорғаған былғары қолғап шебері Өзбекстан өкілі Хавасбек Асадуллаевтан жеңіліп қалды. Қорытынды есеп – 4:1.
Бұған дейін қоржынымызға 1 алтын, 3 күміс, 1 қола жүлде түскен еді. Осылайша, бокстан ерлер құрамасы күміс жүлдеге көміліп отыр.
Бұдан бұрын Қазақстан әйелдер құрамасынан 5 боксшы финалға шығып, 100 пайыздық нәтиже көрсеткенін жағанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу