Абылайхан Жүсіпов өзбектің даңқты боксшысын жеңіп, чемпион атанды

352

Нидерландыда бокстан өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті.  

Абылайхан Жүсіпов өзбектің даңқты боксшысын жеңіп, чемпион атанды Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бұл жолы жерлесіміз Абылайхан Жүсіпов чемпион атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көпшілік 70 келідегі қазақстандық Абылайхан Жүсіпов пен өзбекстандық Асадхужа Муйдинхужаев кездесуін тағатсыздана күткен еді. Себебі, екеуі де тәжірибелі боксшылар.

Оның үстіне Муйдинхужаев Париждегі Олимпиада ойындарында топ жарған, әрі әлем чемпионы атағы тағы бар.

Кездесу бірінші раундтан кейін аяқталды. Жекпе-жек барысында өзбек боксшысының қабағы жарылып кетіп, ол кездесуді жалғастыра алған жоқ.

Осы оқиғаға дейін ұпай санымен Жүсіпов жеңіп тұрғандықтан, жеңіс соған берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу