ӘЧ-2026: Бельгия Мысырмен тең түсті

Әлем чемпионатында сенсациялық оқиғалар көбірек тіркеліп жатыр.

ӘЧ-2026: Бельгия Мысырмен тең түсті Фото: Чемпионат

Әуелгіде тобының сөзсіз көшбасшысы саналған Бельгияға Мысыр оңай қарсылас емес екенін байқатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Матч барысында бельгиялық футболшылар тезірек гол соққысы келген. Бірақ, жағдай керісінше өрбіді. 19-минутта мысырлық Эмам Ашур өз мергендігімен танылып, есеп ашты. Бірінші таймда Кевин Де Брёйне бастаған жігіттер таразы басын теңестіре алмады. 

Екінші кезеңде (66-минут) мысырлық Мохамед Хани өз атына автогол жазды. Осылайша, қос қарсылас 1:1 есебімен тең тарқасты. 

Жаза кетейік, осыған дейін Н тобында Испания мен Кабо-Верде кездесуінде сенсациялық оқиға тіркелгенін хабарлаған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу