"Acтана LRT" ісі бойынша сот тыңдаулары жалғасып жатыр

1050

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта "Acтана LRT" ісі бойынша сот тыңдаулары жалғасты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Acтана LRT"  ісі бойынша сот тыңдаулары жалғасып жатыр

"Астана LRT" ЖШС экс-директоры Талғат Арданның туысы деп танылған Самат Сванбаев куәгер ретінде сотта жауап беруде. Бұған дейінгі отырыстарда ол судья мен айыптаушы тараптың сұрақтарына жауап берген болатын. 

Бұл жолы куәгерге Дәурен Әдбіхамитовтың қорғаушысы Хамида Айтқалиева сауалдар қойды. Хамида Айтқалиева куәгерден Самат Сванбаевтың қатысуымен құрылған заңды тұлғалар  (Жеке кәсіпкерлік жен ЖШС) туралы сұрады.

Атап айтқанда, Самат Сванбаев басшысы деп көрсетілген жеке кәсіпкерлік және жауапкершілігі шектеулі серіктестік субъектілерінің ("Сат Бірлік" ЖШС, "Сат Сауат" ЖШС, "Сат клининг" ЖШС, "Сванбаев"ЖК) "қалай, кімнің басшылығымен құрылғаны, компанияларды іс жүзінде кім басқарғаны, пайданы кім алып отырғаны, Самат Сванбаев түскен кірістің қанша пайызын Талғат Арданмен бөліскені, пайдасының қанша бөлігін салық төлеуден жалтару үшін жасырғаны" туралы сұрақтар қойды.

Алайда судья мен айыптаушы тарап бұл сұрақтардың кейбіріне куәгер алдыңғы сот отырыстарында жауап бергенін айтып, қорғаушыға бірнеше рет ескерту жасады. 

Хамида Айтқалиеваның соңғы сауалдарының бірі Талғат Арданның Дәурен есімді азаматпен таныстығы туралы Самат Сванбаевтың бұдан бұрынғы сот отырыстарында берген жауаптарына қатысты болды. Қорғаушы Хамида Айтқалиева Самат Сванбаевтың осы жолғы және бұрынғы жауаптарының арасында сәйкессіздік байқағанын айтып, судьяның осы жайтқа назар аударуын сұрады. 

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта бұл іс бойынша сот тыңдаулары жалғасып жатыр. 

"Acтана LRT" ісіне қатысты сот ісі 2020 жыл  басталған болатын. Айыпталушы ретінде 7 адам танылып, оларға 5,8 млрд теңге соманы қолды етті деген айып тағылған еді. 2021 жылдың мамыр айында сот үкімі шығып, жеті адамға 7 мен 10 жыл аралығында бас бостандығынан айыру туралы жаза кесілген болатын. Алайда кейін сот бұл үкімнің күшін жойып, іс қайта тергеуге жіберілген еді. 

2022 жылдың 24 тамызынан бастап "Acтана LRT" ісіне қатысты сот тыңдаулары қайта өтіп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу