"Жаңа вакцинаны күтудің керегі жоқ"

3038

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұрғындарға коронавирусқа қарсы екпені тезірек алуға кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Жаңа вакцинаны күтудің керегі жоқ"

Оның айтуынша, елімізде 2 мыңнан аса егу пункті бар.

"Барлығына ескерту жағасым келеді. Қазақстанда вакцина алуға мүмкіндік бар. Оның тиімділігі жоғары, қауіпсіз. Сондықтан жаңа вакцинаны күтудің керегі жоқ.., Қазір вакцина алыңыздар. Себебі, еліміздегі жағдай өте қиын. Коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Күн сайынғы деректі көріп жатқан шығарсыздар. Өкінішке қарай, азаматтарымыз өліп жатыр. Бұл екпе алмаған адамдар. Біз жансақтау бөлімінде жатқан науқастармен сөйлескенде, олар коронавирусқа қарсы вакцинаны алмағанын айтады", – деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің пікірінше, коронавирусқа қарсы вакцина аурумен күресуге септігін тигізеді.

"Ол аурудың асқынуына жол бермейді. Адам ауруды жеңіл түрде өткереді. Жағдайы орташа науқастар өте аз болады. Сондықтан тегін вакцина алуға мүмкіндік беріліп отыр. Вакцинаны күтпеңіздер. Жаңа екпе келеді, оны аласыздар. Қазір екпе алу маңызды болып тұр. Себебі, басқа амал жоқ. Басқа елдерге қараңыздаршы. Онда екпе алған тұрғындар аурудан өліп жатқан жоқ. Бұл өте маңызды. Сондықтан (екпе егу пунктіне – автор) барып, вакцина алу керек. Мұндай мүмкіндік барлық елде жоқ", – еді Алексей Цой.

Дәурен Ерболат


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу