Талдықорғанда 60 мұқтаж отбасы баспаналы болды

1572

Қазақстандық кәсіпкер Данияр Әбілғазин Талдықорған тұрғындарына 60 пәтер сыйға тартты.

Талдықорғанда 60 мұқтаж отбасы баспаналы болды Фото: Максим Морозов

Талдықорған қаласының қарқынды дамып келе жатқан шағын ауданында орналасқан жаңа үйге ондаған талдықорғандықтар қоныс аударды. Олар кәсіпкер Данияр Әбілғазиннің әлеуметтік бастамасының арқасында үйлі болғанын сол күні білген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізген болатын.

Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізде қалыптасқан ахуалды талқылап, халық игілігі үшін билік пен бизнестің өзара ықпалдастығына қатысты жолдарды айқындау қажет екенін айтты. Президенттің пайымдауынша, бүгінде біздің алдымызда бүкіл қоғамдық тыныс-тіршілікті түбегейлі трансформациялау міндеті тұр.

– Қағаз жүзіндегі әлеуметтік-экономикалық мәселе мен оның қазіргі шынайы жағдайының арасындағы алшақтық сын көтермейді. Сондықтан шұғыл түрде экономикалық саясатты қайта қарау жұмысына бірлесе кірісу керек. Таза, ашық және әділ іс-әрекеттердің жаңа тәртібін анықтаған жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жеке тұрғын үй өмір сүру жағдайын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Өйткені олар бұған дейін аядай пәтерді жалға алып, тапқан табысының басым бөлігін соған төлеуге мәжбүр болды.

Өткен жылы Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тұрған кезінде тұрғындарға баспана сыйлау бойынша Талдықорғанда ірі әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды ұсынды.

"Әкім Маған қоңырау шалып, Талдықорғанда әлеуметтік тұрғын үйге кезек көп екенін айтты. Облыс пен Талдықорған қаласының әкімдігі құрылысқа жер телімін бөліп, жобаны коммуникациялармен және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етті. Осылайша, біз осы тұрғын үйді салу идеясын жүзеге асыра алдық. Осы қасиетті айда біз адамдарға 60 пәтер сыйладық", - деді Данияр Әбілғазин қайырымдылық жобасын іске асыру туралы.

Кәсіпкер тұрғындарға пәтер кілтін табыстап, олардың шынайы қуанышына куә болғанын жеткізді.

"Өткен жылы Президент кәсіпкерлермен кездесуде ол бизнестен екі нәрсе талап етілетінін айтты: біріншісі – бизнеске инвестиция, екіншісі – әлеуметтік жобаларға инвестиция. Бұл жатақханалар, тұрғын үйлер, спорт нысандары болуы мүмкін. Осыдан кейін менде де ой пайда болды".

Сонымен қатар Данияр Әбілғазин ірі қазақстандық бизнес өкілдерінің әлеуметтік жауапкершілік пен адамдарға көмек көрсету мәселелері бұрыннан күн тәртібінде тұрғанын және халықтың проблемаларын шешуге барлық деңгейдегі кәсіпкерлерге атсалысу қажет екенін атап өтті.

Бірінші кезекте барлық деңгейдегі әкімдіктер кәсіпкерлермен жұмысын дамытуы тиіс, өйткені жергілікті билік өкілдері халық, мемлекет және бизнесті байланыстырушы негізгі буын болып табылады.

Данияр Әбілғазин іске асырған жобалар бизнестің адамдар мен мемлекет алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі қандай болуы тиіс екендігінің жарқын мысалы болып табылады.

"Біз Алматыда, Астанада, Түркістанда спорт нысандарын салу арқылы бірнеше жобаны жүзеге асырдық. Қазір менде әлеуметтік тұрғын үй салудың оң тәжірибесі бар және біз бұл бастамаларды жалғастыратынымызға сенімдімін", - деп атап өтті кәсіпкер.

Әсел Таурбаева үшін сыйға тартылған пәтер орындалған арман іспеттес.

"Таңертең бізді жинап жатқанда, Данияр Рүстемұлының бұл сыйлығы туралы білмедік. Әлі сене алар емеспін. Менің отбасым, бес балам, көптен бері өз баспанамыздың болғанын армандадық. Себебі біз жалға тұратын пәтер өте суық әрі ылғалды болатын. Қазір балаларым спортпен айналысады. Қызым бокспен, үлкен ұлым баскетболшы, кіші ұлым су полосымен айналысады, ал кіші қызым гимнастикаға барады. Күн сайын оларды үйірмелеріне алып барамын. Олар болашақта чемпион атанып, еліміздің намысын лайықты қорғайды деп сенемін", - деді көпбалалы ана.

Жаңа үйдің барлық кіреберісі мүмкіндігі шектеулі азаматтарды көтеруге, түсіруге арналған жүйелермен жабдықталған.

Шағын аула тұрғындардың демалуы мен балалардың ойнауы үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Тағы бірнеше үй аяқталғаннан кейін, үлкен аула тұрғындарға барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін шағын кварталға айналады.

Осылайша, Талдықорғанда ондаған отбасы күтпеген жерден баспаналы болды. Әлеуметтік тұрғын үй салу идеясын басқа кәсіпкерлер де қолдағаны белгілі. Осындай бастамалардың арқасында мемлекетке әлеуметтік жүктеме де азаяды, халық та риза!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу