Адиев жылдың үздік бапкері атанды

1326

Қазақстан құрамасының бас бапкері жолдастық кездесулер жайлы айтты.

Адиев жылдың үздік бапкері атанды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев "Жыл таңдауы" – "Алтын адам" сыйлығында "Жыл бапкері" номинациясында үздік атанды.Магомед Адиев Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып биыл мамыр айында тағайындалған болатын. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орын алып, УЕФА Ұлттар лигасының В лигасына шықты.

"Жыл таңдауы" ұлттық сыйлығы Қазақстанда 2000 жылдан бастап өткізіліп келеді.  Жеңімпаздар халық арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы, сарапшылардың дауыс беруі, ұйымдастырушылардың талдауы және қазылар алқасының таңдауы бойынша анықталады.  

Сонымен қатар құрама бас бапкері ресейлік "РБ" сайтына сұқбат беріпті. Соңғы кездері Қазақстан құрамасына байланысты ақпараттарды шет елдік сайттардан көбірек оқитын болдық. Отандық журналистерге сұқбат бермей, ресейліктерге ашылып сөйлейтінге ұқсайды, бапкеріміз.

- Наурыз айында 10 күн бойы оқу-жаттығу жиындарын өткізетінбіз. Бірақ, бұл жолы емес. Ол күндер ФИФА датасына сәйкес болмағандықтан ойын өткізудің еш қажеттілігі жоқ. Біз бапкерлер штабы футболшыларды зерттеп, керекті мәліметтерді жинап аламыз. Ал жолдастық матч туралы еш ойланбадық. Ондай ойынның бізге керегі шамалы, - деді Магомед Адиев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу