Әділ Ғалиахметов әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

298

Қазақстандық спортшы мәре сызығына жақындағанда Латвия спортшысын басып озып, іріктеу кезеңінде екінші орынға ие болды. 

Әділ Ғалиахметов әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Бүгін, 14 наурыз шорт-тректен әлем чемпионаты басталды. Жаһандық дода Қытайдың Бейжің қаласында өтуде.

Жарыс бағдарламасына ерлер мен әйелдер арасындағы 500 м, 1000 м және 1500 м қашықтықтағы жеке жарыстар, сондай-ақ 5000 м қашықтыққа ерлер эстафетасы, 3000 м қашықтыққа әйелдер эстафетасы және 2000 м қашықтыққа аралас эстафета сайыстары кіреді.

Қазақстандық спортшы Әділ Ғалиахметов 1500 м қашықтыққа іріктеуден сәтті өтіп, жартылай финалға шықты. 

Ал, тағы бір қазақстандық спортшы Глеб Ивченко (жарыста үшінші орын) әлем біріншілігінің жұбаныш бәсекесінде жарысты жалғастырады. Егер сәтті өнер көрсетсе, оның да жартылай финалға жолдама алуға мүмкіндігі бар. 

Қазақстан құрамасынан сынға түсетін спортшылар:

Ерлер:

  • Абзал Әжғалиев
  • Денис Никиша
  • Әділ Ғалиахметов
  • Мерсаид Жақсыбаев
  • Глеб Ивченко

Әйелдер:

  • Яна Хан
  • Алина Әжғалиева
  • Зейнеп Құмарқан
  • Ольга Тихонова
  • Малика Ермек

Әлем чемпионаты 16-наурыз күні мәресіне жетпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу