Катардың астанасы Дохада су спортынан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден жартылай финалға өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол алғашқы іріктеу сатысында 51:75 есебімен 4-орынға қол жеткізді. Осылайша жарысқа қатысқан 66 спортшының арасынан жартылай финалға өткен үздік 16 ателттің қатарына ілінді.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу