Әділбек Мусин Азия чемпионы атанды

368

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен 11-ші Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Әділбек Мусин Азия чемпионы атанды Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Жарыстың үшінші күнінде қазақстандық жүзгіштер 50 метр баттерфляй қашықтығында 4 медаль жеңіп алды.

Команда үшін басты жетістік – Әділбек Мусиннің "алтын" медалі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

  • Әділбек Мусин – 23.74 секунд
  • София Әубәкірова – 26.80
  • Максим Сказобцов – 23.90
  • Софья Сподаренко – 26.94

Сонымен қатар, біздің спортшылар 4х100 метрлік аралас эстафетаға қатысып (Әділбек Мусин, Ғалымжан Кенжебек, София Әубәкірова және Софья Сподаренко) қола медаль еншіледі.

Үш жарыс күнінің қорытындысы бойынша, қазақстандық споршылар
бір алтын, төрт күміс және екі қола иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу