Әділбек Мусин Испаниядағы турнирде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

168

 Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Әділбек Мусин Испаниядағы турнирде жүлдеге бір қадам жетпей қалды Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет
>Қазіргі уақытта Барселона қаласында (Испания) жүзуден ірі халықаралық турнир өтіп жатыр.
 
Бірінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы сапында ең жоғары нәтижеге Әділбек Мусин қол жеткізді.
 
Ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде финалға өтіп, төртінші орын иеленді. Спортшы медальға бір қадам ғана жетпей қалды.
 
Турнирдің алғашқы күні А және В финалдарында өнер көрсеткен қазақстандық жүзушілердің нәтижелері төмендегідей:
  • Ксения Игнатова – 200 м арқамен жүзу, 8-орын
  • Ксения Игнатова – 50 м арқамен жүзу, 16-орын
  • Арсен Қожахметов – 50 м брасс әдісімен, 15-орын
  • Софья Сподаренко – 50 м баттерфляй әдісімен, 10-орын
  • Максим Сказобцов – 100 м баттерфляй әдісімен, 14-орын
Айта кетейік, бұған дейін Әділбек Мусин осы қашықтықта Қазақстан рекордын жаңартқан болатын.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу