Әділбек Мусин үшін Париж Олимпиадасы ерте аяқталды

311

Қазақстан командасының мүшесі Париж Олимпиадасында жартылай финалға өте алмады. 

Әділбек Мусин үшін Париж Олимпиадасы ерте аяқталды Фото: olympic.kz

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жүзуден Қазақстан командасының мүшесі Әділбек Мусин Париж Олимпиадасының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден сынға түскен отандасымыз өз тобында бесінші орын алса, жалпы есепте 29-сатыдан көрінді. Ал жартылай финалға жарыс ережесіне сәйкес алғашқы 16 спортшы ғана өтеді.

Айта кетелік, бұл Әділбек Мусиннің соңғы жарыс күні. Осымен қазақстандық атлет Олимпиада ойындарын аяқтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу