Әділбек Жақсыбеков: "Қазақстан футболы алға нық қадам жасап, позициясын нығайта түсті"

1707

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков жұртшылықты Қазақстан футболының күнімен құттықтады!

Әділбек Жақсыбеков: "Қазақстан футболы алға нық қадам жасап, позициясын нығайта түсті"

"25 сәуір біздің мемлекетіміздің тарихында атаулы күн саналады. Он сегіз жыл бұрын Қазақстан Еуропа футбол қауымдастықтары одағының құрамына еніп, елімізде және әлемде ең танымал ойынның даму жолын жалғастырды.

Осы уақыт аралығында отандық футбол алға нық қадам жасап, қанатын кеңге жая бастады. Футбол – еліміздегі бұқаралық спорт түрі. Қазақстан құрамасы мен отандық клубтардың халықаралық ойындары ареналар мен теледидар алдында орасан аудитория жинайды. Ал, ұлттық чемпионат ТМД елдері арасында ең мықтылардың қатарына кіреді.

Шеберлікті шыңдайтын бәсекесі жоғары УЕФА аясындағы жарыстарда біздің футболшылар мен бапкерлер алға тұрақты қадам басып келеді. Қазақстан құрамасы ең мықты қарсыластарына сес көрсетіп, отандық клубтарымыз Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығып жүр. Қол жеткізген табыстар әрі қарай ел футболын өрлетіп, биік шыңдарды бағындыруға ынта-жігер береді.

Кәсіпқой футболдың іргетасы – балалар мен жасөспірімдер футболы және бұқаралық футбол. Қазақстан футбол федерациясы мен еліміздегі біздің мыңдаған мүдделестеріміз жоспарға сәйкес келешектегі жеңістердің негізін қалап келеді. Футбол орталықтары мен академиялардың есігі айқара ашылып, инфрақұрылымдар мен спорт ғимараттары салынып, кәсіби бапкерлер мен басқа мамандар да білім ала бастады.

Қазақстанда футзал, қыздар футболы мен жағажай футболына да баса мән беріліп келеді. Бұл бағыттарды дамытып, кең танымал ету мақсатында жұмыстар атқарылып, жемісін бере бастады. Соның бір айғағы халықаралық аренада тіркелген оң нәтижелер екені сөзсіз.

Барша жанкүйерлер мен футбол жанашырларын, ойыншылар мен бапкерлерді Қазақ футболының күнімен құттықтаймын! Зор денсаулық, аман-саулық тілеймін! Кездескен қиындықтарды жақын арада жеңіп, біздің сүйікті ойынымыз тартысты кездесулер мен керемет көңіл-күйлерімен қуанта түсетініне күмән келтірмеймін! Мерекелеріңізбен, қымбатты достарым! Алға, футбол! Алға, Қазақстан!",- деді Әділбек Жақсыбеков.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу