Әділет Бәрменқұлов - Қазақстан футбол федерациясының президенті

2051

Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына бес үміткер таласты.

Әділет Бәрменқұлов - Қазақстан футбол федерациясының президенті

Елордада Қазақстан футбол федерациясының кезекті ХХІ сайлау конференциясы аяқталды. Дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған Әділет Барменқұлов Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына сайланды. 

Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі, Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитет мүшесі және "Шахтер" футбол клубының директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқаратын Әділет Барменқұловқа дауыс бергендердің саны – 14. Ал жалпы дауыс берушілердің саны – 26.

Дауыс беру қорытындысы:

Әділет Барменқұлов – 14 дауыс
Берік Қаниев – 11 дауыс
Давид Лория – 1 дауыс 
Қайрат Оразбеков – 0 дауыс 
Ерлан Жарылқасынов – 0 дауыс

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу