Адольф Гитлер атын өзгертуге мәжбүр болды

250

Бұл есімді оған әкесі берген.

Адольф Гитлер атын өзгертуге мәжбүр болды Фото: BILD

Намибиялық саясаткер Адольф Гитлер Уунона Омпунджа округіндегі аймақтық сайлауда жеңіске жетті. Ол өз есіміндегі Гитлер сөзін алып тастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Намибияда билік басындағы партияның өкілі Уунона 85% дауыс жинады. Осылайша ол бесінші рет аймақтық кеңес мүшесі атанды. Саясаткер бұл қызметті 2004 жылдан бері атқарып келеді.

Оған Адольф Гитлер деген есімді әкесі қойған, бірақ та ол атаудың тарихи мәнін жете түсінбеген. Осыған байланысты Уунона өзінің нацистік идеологияға еш қатысы жоғын айтып, төлқұжатындағы есімінен Гитлер сөзін алып тастайтынын мәлімдеді.

"Енді менің атым Адольф Гитлер емес, Адольф Уунона деп аталады", – деді ол The Namibian газетіне берген сұхбатында.

1915 жылға дейін Намибия Германияның Африканың оңтүстігіндегі отары болған. Бұл мемлекетте неміс есімдері жиі кездеседі.

Айта кету керек, бұған дейін Намибияда Адольф Гитлер тағы да сайлауға түсетінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу