Президент атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналғанын атап. Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екеніне тоқталды.
"Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық станциялар салу керек деген пікір айтады.
Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшылар ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды. Семей полигоны халқымызға қаншама қасірет әкелгенін ескерсек, олардың күдігін түсінуге болады. Сондықтан бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдауларды, егжей-тегжейлі, кең ауқымды талқылауларды жалғастыруымыз керек", - деді Мемлекет басшысы.
Маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдануы керектігіне тоқталып, Президент бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдесі екеніне тоқталды.
"Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.