АЭС-те жұмыс істейтін мамандар отандық колледждерде дайындалады

429

АЭС құрылысы бойынша қанша қазақстандық жұмыспен қамтылады?

АЭС-те жұмыс істейтін мамандар отандық колледждерде дайындалады Фото: mail.ru

Атом электр станциясы құрылысын қолдау үшін отандық колледждер базасында бұл жобаға арналған мамандықтар дайындалатын болады. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елімізде 40 жоғары оқу орны мен 215 колледж энергетика саласының мамандарын даярлайды. Онда электр, жылу және жаңартылатын энергетика салаларының 7 мамандығы бойынша 19 мыңға жуық студент білім алып жатыр.

Сәтқалиевтің сөзінше, жаңа электр энергиясын өндіру объектілерін салуы, тұтынудың белсенді өсуін және экономикалық дамуын ескере отырып, 2030 жылға қарай тек энергетика саласында 20 мыңнан астам сұранысқа ие мамандықтарға қажеттілігі болжанып отыр.

"Атом электр станциясы құрылысын қолдау үшін отандық колледждер базасында АЭС-қа арналған мамандықтарды дайындайтын болады. Министрліктің бағыныстағы ұйымдары – Ұлттық ядролық орталығы мен Ядролық физика институты электртехника колледждерімен тығыз ынтымақтастықта және ядролық мамандықтар бойынша колледж студенттерінің өндірістік тәжірибе өткізу базасы болып табылады",  деді министр.

Ведомство басшысы АЭС салу жобасы бойынша 2030 жылға қарай 5 мыңға жуық адам, ал 2032 жылы құрылыстың шарықтау кезінде 10 мыңға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілетінін айтты. Ал, жобаны пайдалану кезеңінде кемінде 2 мың азамат жұмыс орындарымен қамтылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу