Африка жасарып келеді, Қытай демографиясында дағдарыс – сарапшылар пікірі

1018

Бүгін – дүние жүзі халқының күні.  

Африка жасарып келеді, Қытай демографиясында дағдарыс – сарапшылар пікірі Фото: АР (Үндістан)

Бүгін – дүниежүзі халқының күні. 1987 жылы 11 шілдеде әлемнің бес миллиардыншы тұрғыны дүниеге келгелі осы мереке ресми аталып өтеді. Ал, дәл қазір планетадағы халық саны 8 миллиардтан асты.

Әлемдегі ең көп тұрғыны бар Үндістандағы бейби бум мен Қытайдағы демографиялық дағдарыс себептері туралы әлем сарапшылары не дейді, inbusiness.kz тілшісі зерттеді.

Әлем халқының 1/3 бөлігі Қытай мен Үндістанда тұрады

1950 жылдан бастап БҰҰ әлемдегі халық санағын жүргізгелі, Қытай – көшбасшы. Көрші елде әлем халқының 17,54 проценті – 1,4118 млрд адам тұрады. Алайда, биыл Үндістан топты жарып шықты – халық саны 1,423 млрд тұрғынға жетті.

Қытай демографиясының әлсіреуіне бірнеше фактор әсер еткен. Кәрі құрлықтағы бала туылу көрсеткішінің азаюы мәселесі бұл елді де айналып өтпеді. Орта есеппен, әр үшінші әйел ғана босануға бел буады. Бұған, 1980-2016 жылдар аралығында іске асқан "Бір отбасына бір бала" саясаты себеп.

"Материалдық деңгейде адамдар баланы өсіріп, жеткізе алмаймын деп қорқады. Себебі, елде жұмыссыздық өскен. Бедеулік факторы да бар. Сәйкесінше, Қытайдың экономикалық өсімі төмендей береді. Шамамен 2031-2035 жылдарға қарай Қытайдың  демографиясы АҚШ-қа қарағанда нашарлайды. Болашақта зейнеткерлік жасын қазіргі 50 және 60 жастан 70 жасқа дейін өзгертуге тура келеді. БҰҰ мәліметтері бойынша, қытай халқы осы ғасырдың соңына дейін 1 миллиард адамға азаяды", - дейді демограф Йи Фусян.

Біріккен Ұлттар ұйымының бағалауынша, қазір Үндістанда бала туу көрсеткіші жоғары. Күніне шамамен 79 726 бала дүниеге келеді. Осылайша, Үндістан әлемдегі халық саны ең көп елге айналды.

Сарапшылар "Қытайдың қуатты экономикалық және саяси көшбасшы болудағы жетістігін ресми Нью-Дели қайталай ала ма" деген сауалға жауап іздеуде.

"Тұрғын үй инфрақұрылымы – Үндістанның экономикалық өсуінің қозғаушы күші. Сонымен қатар, жоғары технологиялар, қысқа мерзімді стартаптар саласында бұл елдің мамандары жетістікке жетері сөзсіз. Алайда, инновацияда Үндістан экономикасы артта қалды деп ойлаймын. 30 жасқа дейінгі жастар арасында жұмыссыздық мәселесі де ел экономикасын кері тарта бермек", - деп болжайды Африка және шығыстану мектебінің Оңтүстік Азияны дамыту жөніндегі маманы Сабир Синха.

Африка халқының 70% – жастар 

Дәл осы сынды әлеуметтік, экономикалық мәселелерге Африка елдерінде де бар. Алайда, құрлықтағы халық саны жыл санап артып келеді.  Сарапшылардың зерттеуінше, ыстық континет халқы – жас. Шамамен, африкалықтардың 70%-ы – 30 жасқа толмағандар. Демек, әлемнің көптеген дамыған елдерімен салыстырғанда, тез қартаю мәселесімен Африка күресіп, шаршамайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу