80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшымыз шешуші айқаста ирландиялық Кейлин Кессидимен жұдырықтасты, деп жазады inbusiness.kz сайты Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Қажетті ара-қашықтықты дәл ұстанған Нұрбек ирландиялық қарсыласынан мықтылығын көрсетті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті қазақстандыққа беріп, Оралбайдың қолын көтерді.
Осылайша дәл қазір Қазақстан боксшыларының еншісінде Париж Олимпиадасының жеті лицензиясы бар. Ал оның екеуін Астана қаласының былғары қолғап шеберлері алған болатын.
Атап айтқанда, ерлер арасында аса ауыр салмақтағы (92 кг) Айбек Оралбай мен оның сыңары 80 келідегі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.