Турнирдің екінші жарыс күнінде Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтап, келесі кезеңге жолдама алды. Ол Франция өкілі Гаучер Изаямен кездесіп, төрешілер шешімімен 4:1 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ, 70 келі салмақта өнер көрсететін Төрехан Сабырхан да екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. 2025 жылғы әлем чемпионы канадалық Майома Коучты 5:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.
Басқа қазақстандық боксшылар арасынан Нұрзат Оңғаров канадалық Рок Исаяны 5:0 есебімен жеңіп, жарысты жалғастыру мүмкіндігіне ие болды. Санжар Тәшкенбай да үндістандық Риши Сингхты 4:1 есебімен тізе бүктіріп, келесі кезеңге өтті.
Ал 4 ақпан күні өткен жекпе-жектерде Рахмина Абдумежитова Испания боксшысы Ноэлия Сальмерон Гутьерреске, ал Азиза Исина Үндістан өкілі Чордари Андуиатиге жол берді.
Айта кетейік, Boxam Elite-2026 турнирі 8 ақпанға дейін жалғасады.