Ағайынды Сабырхандардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

Қос спортшы да кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне дайындалуда.  

Ағайынды Сабырхандардың алғашқы қарсыластары белгілі болды Фото: instagram.com/maxmutsaburkhan

Бокс кеші 5 сәуірде Астана қаласында өтеді деп жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Qsport.kz сайты Махмұд және Төрехан Сабырхандардың қарсыласы анықталғанын хабарлап отыр.

Махмұд Сабырхан колумбиялық Николас Тордесильямен жұдырықтасады. Ол да – кәсіпқой боксты жаңа бастаған спортшы. Әзірге екі жекпе-жек өткізген, 100 пайыздық жеңіске ие. 

Ал, Төрехан Сабырхан 29 жастағы Джири Хаукемен шаршы алаңға шығады. Қарсыласы бұған дейін 10 кездесу өткізіп, 4-еуінде ғана жеңіске жеткен.

Екі былғары қолғап шеберінің де жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған, әр раунд 3 минутқа созылады. 
Астанадағы бокс кешінің басты кездесуі – Жәнібек Әлімханұлы (16-0) мен француз Анауэль Нгамиссенгудің (14-0) жекпе-жегі. 

Бұған дейін Сабырхандардың біріне қатысты "Қазақтың қос мықты боксшысы бір салмақта жұдырықтаспақ" деген тақырыпта мақала жариялаған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу