"Аграрлық несие корпорациясы" басшыларының былығы әшкереленді

5502

Ауыл шаруашылығы саласын несиелендіруге бөлінген 11млрд теңге депозитте жатқан.  

"Аграрлық несие корпорациясы" басшыларының былығы әшкереленді Фото: informburo.kz

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында туатын тәуекелдердің алды алынады. Кәсіпкерлердің IV республикалық форумында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев осылай деді.  

Оның сөзінше, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына жыл сайын миллиардтаған қаржы бөлінеді. Ал квазимемлекеттік сектордың субьектілері бюджеттен алынған қаржыны ұзақмерзімді депозитке салып, ақша айналдырады. 

"Осындай заңсыздықтың салдарынан құрылыстың қарқыны баяулайды. Әлеуметтік маңызы бар нысандар мерзімінен кешіктіріліп тапсырылады", – деді Алик Шпекбаев.

Агенттігік төрағасының сөзінше, қазір "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингінің еншілесі "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басшыларының 11 млрд теңгені "Хоумкредит" банкінің депозитінде заңсыз сақтағанына қатысты іс қаралып жатыр.

"Бұл қаражат ауыл шаруашылығы саласын несиелендіруге бағытталуға тиіс болған", – деді Алик Шпекбаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу