АХҚО, Atameken Business және Bloomberg серіктес атанды

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
4071

Нью-Йоркте үшжақты келісімге қол қойылды. 

АХҚО, Atameken Business және Bloomberg серіктес атанды

"Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Atameken Business және Bloomberg Нью-Йоркте  жергілікті уақыт бойынша 12.30-да үшжақты келісімге қол қойды.

Келісім шартқа сәйкес Atameken Business  АХҚО-ның ресми ақпараттық серіктесі атанды. Келісімнің  жарамдылық мерзімі – ұзарту мүмкіндігімен  екі жыл.  

АХҚО мен Bloomberg арасындағы ынтымақтастық туралы алғашқы уағдаластыққа  ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барған кезде қол жеткізілген болатын. 2017 жылдың 12 сәуірінде ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барғанда Нью-Йорктің экс-мэрі Рудольф Джулиани және Майкл Блумбергпен кездескен еді. Келіссөз барысында телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамытуға қатысты мәселелер талқыланған. Келіссөздің ең басты нәтижесі – Астанада Bloomberg-тің телеарнасын және кеңсесін ашу уағдаластығына қол жеткізу болды.

"Atameken Business мен Bloomberg-тің ынтымақтастығы Қазақстан бизнесмендерінің инвестициялық мүмкіндігі туралы ақпаратты әлем бизнесмендеріне жеткізу, біздің елге қаражат тарту және жетекші өңірлік қаржы орталығының дәрежесі деген атаққа ие болу", ­ – деді АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Содан кейін келісімге Atameken Business қосылды.

"Бірнеше минут бұрын Нью-Йоркте біз үшін өте маңызды үшжақты келісімшартқа қол қойылды. Бұл жарты жылдан астам уақыт бойғы күрделі келіссөздердің жемісі.  Біздің үлкен команда келісімшартты алу үшін жұмыс жасады, ал бүгін сол жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз. Барлығыңызға үлкен рақмет айтқым келеді. "Астана" халықаралық қаржы орталығы өзінің ресми ақпараттық серіктесі ретінде  Bloomberg-пен қатар ABCTV-ны таңдағаны біз үшін қуанышты жағдай. АХҚО-мен серіктестік бізге Орталықтың ақпаратын қазақ және орыс тілінде таратуға құқық береді. Ал Bloomberg-пен серіктестікке келетін болсақ, онда оның аясында біздің қызметкерлер үздік тренерлерден  үйреніп, Bloomberg-тің Гонконг, Нью-Йорк, Лондондағы кеңселерінде тағлымдамадан өтеді. Осы келісімшарттың аясында іскери журналистиканың әлемдік көшбасшысымен жұмыс істеуге мүмкіндік алдық. Бұл жаңа сапалы деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз", ­– деп Atameken Business-дің бас директоры Юлия Синчук келісімшартқа қол қою жайына тоқталды.  

16 қаңтар күні "Астана" халықаралық қаржы орталығының баспасөз қызметі ресми түрде жұмыс істей бастағаны туралы хабарлап, компанияларды тіркеу басталды деп мәлімдеді. 

АХҚО жанынан қаржылық қызмет көрсетуді  реттеу жөніндегі комитет (АФСА) қызмет құрылып, жұмыс істей бастады. АФСА қызмет көрсетудің кең спектрін, яғни инвестицияларды және активтерді басқару,  private banking, қорларды әкімшілдендіру мен басқару, катодиалдық қызмет, исламдық қаржыландыру ісімен айналысады сондай-ақ өкілдік кеңселердің жұмысын лицензиялайды.

АХҚО аясында алғаш рет посткеңестік кеңістікте ағылшын коммерциялық құқы және Лондон, Нью-Йорк, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген өз құқы бар арнайы заңды құзырет енгізілді. АХҚО-ның тәуелсіз соты құрылды, ол коммерциялық және азаматтық дауларды қарастырады. Сондай-ақ халықаралық төрелік сот құрылды.

АХҚО базасында жоғары технологиялық биржа (AIX) жұмыс істейді. Оның стратегиялық серіктестері Шанхай қор биржасы және NASDAQ. Астанаға халықаралық сарапшыларды тартуды жеңілдететін экспат-орталық құрылды. АХҚО бір терезе жүйесін, визаларды беру, тіркеудің жеңілдетілген режимін, жұмысқа тұруға рұқсат және басқа да рәсмдерді  ұсынады. АХҚО-ның негізгі стратегиялық дамыту бағыттары ­– капитал нарығы, активтерді басқару, жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару, исламдық қаржыландыру, қаржылық технологиялар.

Еске сала кетейік, 2015 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО құру туралы конституциялық заңға қол қойды.  АХҚО-ның мақсаты ­ халықаралық деңгейдегі  қаржылық қызметтің  жетекші орталығын қалыптастыру.

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу