Astana Finance Days қаржы конференциясының аясында пандемиядан кейін стратаптар нарығы қалай дамитыны талқыланды. Ресейлік GenerationS акселераторының корпоративті бағытының жетекшісі Ирина Мартынова, Скандинавиядағы жетекші акселератор саналатын Accelerace компаниясының скаутинг бөлімінің жетекшісі Джек Петерс және Bitfury блокчейн компаниясының Қазақстандағы директоры Тимур Баиров COVID-19 індетіне дейінгі стартаптардың жағдайына тоқталып, келешегі туралы болжамдарымен бөлісті.
Сарапшылар пандемиямен келген карантиндік шектеулер қашықтан жұмыс істеуге құрылған технологияларды қарқынды дамытып, цифрлануды үдете түскенін бір ауыздан растады. Індет әлі ауыздықталмаса да алғы шептегі компаниялар нарыққа өзгеріс енгізіп, бизнес моделдерін қайта қарап жтатқаны белгілі. Бірақ бұл инновациялық шешімдердің бәрін копоративтік тұрғыда қатаң реттеп отыратын компанияларда баяу жүруде. Мамандар бұл мәселеле корпоративтік инновация тұрғысынан ғана шешіледі деген пікір айтты.
"Инновацияға бағытталған кез-келген компания үшін инновациялық қызметті қалпына келтіруді неден бастау керектігін, дұрыс жоспарлауды және күтілетін нәтижеге қалай жету керектігін түсіну маңызды", – дейді GenerationS өкілі Ирина Мартынова.
Ал Джек Питерс стартап қауымдастығы Скандинавия мен Солтүстік Еуропа елдерінде белсенді дамып келе жатқанын атап өтті.
Қазақстан да бұл көштен қалмауға тырысуда. Финтех Хабының корпоративті инновациялар бөлімінің басқарушысы Әлім Хамитов Astana халықаралық қаржы орталығының базасында мемлекеттік органдар мен компаниялардың, стартаптап иелерінің басын қосатын алаң құрылатынын атады.
"Корпоративтік инновацияны дамыту тақырыбы тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге бүкіл Орталық Азия нарығында қарқын алуда. Корпоративтік инновациялар департаменті және бүкіл АХҚО Финтех Хабы аясында біз компаниялар, стартаптар және мемлекеттік органдар үшін сарапшыларды тарту орны мен желілік алаң құрамыз. Осылайша біз бірлескен пилоттық жобаларды, IT-компаниялар мен нақты бизнес және стартаптар арасындағы ынтымақтастықты дамытудың корпоративтік бағдарламаларын бастай аламыз", – деді Әлім Хамитов.
Есжан Ботақара