"Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Nasdaq Inc қоры биыл іске қосылатын АХҚО-ның жаңа қазақстандық биржасын бірлесіп дамытатын болды.
Басында AIX қорында тиянақталған табысы бар акциялар саудаланады, содан кейін ғана басқа санатты активтер сатылады деп жоспарланып отыр.
АХҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасалған келісім аясында жаңа қорда Nasdaq Matching Engine қорының өтініштер мәліметі мен оларды өңдеу жүйесі қолданылады. Бұл технология өндіріске енгізілердің алдында бірнеше рет сынақтан өтеді.
Nasdaq Matching Engine – бұл әлем бойынша бизнес үшін үлкен функционалды мүмкіндіктері бар тиімді өнімділікті үйлестіре алатын өтініш мәліметі мен оларды өңдеу жүйесінің ең кең тараған жүйесі. АХҚО іске қосылғаннан кейін Nasdaq қоры техникалық қолдау көрсетуді одан әрі жалғастырады.
АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов Nasdaq Matching Engine әлемдегі үздік сауда платформасы екенін, сондай-ақ қауіпсіздік және функционалдық бойынша ұсыныстардың көптеген түрін ұсына алатындығымен ерекшеленетінін атап көрсетті.
"АХҚО Nasdaq қорымен еліміздің қор инфрақұрылымын құру бойынша ынтымақтастық орнатуды дұрыс деп есептейді", – деді ол.
Атқарушы вице-президент, Nasdaq қорының нарықтық технология жөніндегі жетекшісі Ларса Оттерсгардтың айтуынша, Қазақстан үшін АХҚО жасайтын жаңа биржалық инфрақұрылымға және онымен байланысты халықаралық нарыққа өз үлесін қосу Nasdaq үшін үлкен құрмет. "Nasdaq қорының қаржылық платформасын пайдалана отырып, АХҚО қоры қарқынды дамып келе жатқан халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін операцияларды стандарттап, бірыңғайлауға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар бойынша жұмыс істейтін болады. АХҚО-мен ынтымақтастық жасауды асыға күтудеміз, біз қолдау көрсетуге дайынбыз", – деді ол.
Nasdaq қорының технологиялары – сауда жүйесі, клиринг, құнды қағаздардың орталық депозитариясы (CSD) мен нарық сараптамасы Америка, Еуропа, Азия, Аустралия, Африка, Таяу Шығыс және Кариб бассейні елдерінің 90 нарығында қолданылуда.
2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" (АХҚО) халықаралық қаржы орталығын құру туралы конституциялық заңға қол қойды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық қызмет көрсету орталығын қалыптастыру. Посткеңестік кеңістікте алғаш рет ағылшын құқығы енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі ағылшын тілі болады.
ХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық қызмет көрсету орталығын қалыптастыру. АХҚО міндеті – ел экономикасына инвестицияларды тартуға көмектесу, қаржылық қызмет көрсету саласын инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарығымен бірігуін қамтамасыз ету.
Nasdaq (Nasdaq: NDAQ) сауда, клиринг, қор технологиялары, листинг, ақпараттарды ұсыну мен компанияларды жариялау саласында қызмет көрсететін әлемнің алдыңғы қатарлы жеткізушісі болып табылады. Nasdaq өзінің әр алуан шешімдер қоржынының арқасында жаһандық капитал нарығы бойынша ашықтық пен нақты түсінікті қамтамасыз ететін бұрын қолданылған технологияларды қолдана отырып, клиенттерге бизнестерін сенімді түрде жоспарлауға, оңтайландыруға және іске асыруға мүмкіндік береді. Әлемдегі алғашқы электронды қор нарығын құрушы Nasdaq 50 елдің 89-дан астам нарығын өз технологиясымен қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, Nasdaq – нарықтық құны 11 трлн доллар болатын 3800 листингке арналған орын.
Гүлназ Ермағанбетова, Аскар Чокин