АХҚО қытайлық Jumore-мен қол алысты

Аскар Чокин Аскар Чокин
2093

Тараптар тиісті меморандумға қол қойды.

АХҚО қытайлық Jumore-мен  қол алысты

Бұл жайында "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) баспасөз қызметі хабарлады.

"Бүгін Бейжіңде "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Zhejiang Jumore E-commerce Co. Ltd. компаниясы арасында меморандумға қол қою салтанаты өтті. Тараптар "Жібек жолы экономикалық белдеуі" бастамасы және қор нарығын дамыту барысында іске асатын жобаларға тікелей инвестициялар тартуға көмек көрсету туралы келісім жасады", – деп көрсетілген хабарламада.

АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовтың айтуынша, G20 мен Жібек жолы экономикалық белдеуі бойы елдерін қоса алғанда  әлемнің 130-дан астам елімен жұмыс істейтін Jumore тәжірибесі АХҚО үшін өте маңызды.

"Қазақстандық жобаларды Jumore электронды платформасына қосу, сондай-ақ бұл компанияның тәжірибесі мен технологиялық ресурстары АХҚО-ның қаржылық орталық ретінде дамуы үшін қосымша серпін береді", – деп атап көрсетті Қайрат Келімбетов.

Zhejiang Jumore E-commerce Co. Ltd. платформасы – электронды коммерция, қаржы, логистика, Big Data саласында  сан түрлі қызмет көрсетуді ұсынады. Jumore – әлемдегі қызмет көрсету саласы мен өнеркәсіптік мақсаттағы сауда категориясының барлық түрлері үшін алғашқы трансшекаралық электронды сауда платформасы. Платформада шикізат материалдар, металлөнімдер, энергияресурстары, химиялық өнімдер, ауыл шаруашылық, өнеркәсіптік және өндірістік тауарлар, тұтыну тауарлары, азық-түлік өнімдері, туристік және басқа да қызметтерді сату және сатып алу жұмыстары жүргізілді. .

Сондай-ақ Jumore қызмет көрсетудің үлкен алты модулі – қаржы, логистика, үлкен мәліметтер, технологиялар, кеңестер, сертификациялауға  қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қытайлық Jumore қазақстандық жобаларға инвестициялар тартуға көмектесетін болады.

Сонымен бірге Қайрат Келімбетов Жібек жолы экономикалық белдеу саммитіне қатысу үшін Қытай Халық Республикасына барған сапарында Ханчжоу электронды коммерцияның электронды парк төрағасы Ся Минханмен кездесті.

Тараптар аймақтағы электронды коммерцияны дамытудың келешегін талқылап, Жібек жолы экономикалық белдеуі бағдарламасын іске асыру барысында электронды коммерция үшін технологияларға сұраныстың артатына тілге тиек етті.

Бүгінгі күні қытайлық компаниялар бұл сала бойынша көшбасы деп танылған. ҚХР-дың жоғары технологиялар паркін құру мен дамытуда мемлекеттік қолдау маңызды рөл атақарды деп атап кетті ҚХЭИП төрағасы Ся Минхан. АХҚО мен ҚХЭИП 2016 жылы жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында өзара белсенді әрекет етуде.

Ханчжоу электрондық коммерцияның индустриалды паркі электронды коммерцияның Ханчжоу аймағына кіреді, сонымен бірге оның "Бір белдеу, үш парк" – электронды коммерцияның шығыс паркі, Ханчжоу электрондық коммерцияның индустриалды паркі, трансшекаралық сауда мен электронды коммерцияның Қытай индустриалды паркі моделі бойынша дамуда.

Сондай-ақ АХҚО Цинху университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум жасаудағы басты мақсат қаржы орталығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған бірлескен білім беру мен зерттеу жобаларын іске асыру болып табылады.

АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов халықаралық деңгейдегі мамандарды дайындау– АХҚО-ның әлемдік стандарттарға сай қаржылық орталық ретінде қалыптасуы үшін маңызды міндеттердің бірі деп атап көрсетті.

Цинхуа университеті – ҚХР-дың ең үздік университеттерінің бірі, ол 1911 жылы құрылған. Қытайдың "Лига С9" ең үздік тоғыз жоғары оқу орнының құрамына кіреді. Цинхуа университеті ҚХР университеттерінің ұлттық рейтингісінде үнемі бірінші орын алады.

2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" (АХҚО) халықаралық қаржы орталығын құру туралы конститутциялық заңға қол қойды.  АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі жеткеші қаржылық қызмет көрсету орталығын қалыптастыру. Посткеңестікте кеңістікте алғаш рет ағылшын құқығы енгізілетін болады, қаржы орталығының ресми тілі ағылшын тілі болады.

АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі жеткеші қаржылық қызмет көрсету орталығын қалыптастыру. АХҚО міндеті – ел экономикасына инвестицияларды тартуға көмектесу, қаржылық қызмет көрсету саласын инвестициялау үшін тартымды ортаны құру, Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен бірігуін қамтамасыз ету.

Гүлназ Ермағанбетова, Аскар Чокин
АХҚО  Jumore Инвестициялар Жібек жолы экономикалық белдеуі Қайрат Келімбетов ҚХР   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу