Ахметов Сингапурда өткен турнирде жеңіске жетті

1502

Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Қайрат Ахметов Сингапурда өткен ONE Fighting Championship Collision Course 2 турнирінде 24-жеңісіне қол жеткізді.

Ахметов Сингапурда өткен турнирде жеңіске жетті

Жеңіл салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетіп жүрген Ахметов бұл жолы орта салмақта (62,2 келіге дейін) оңтүстік кореялық Дэ Хван Киммен жекпе-жек өткізді. Оған қоса қазақстандық осы кездесудің басты фавориті болды. Ахметов спорттық мансабында 23 жеңіске жетіп, екі мәрте жеңіліс тапқан. Ал  оның қарсыласы 22 кездесуде 15 рет жеңіп, алты рет жеңіліске ұшырап, бір жекпе-жекте тең нәтижеге қол жеткізді. Екі спортшы арасындағы кездесу үш раундқа есептелді және спортшылар соңына дейін жұдырықтасты. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Ахметовтың жеңісімен аяқталды.

Жалпы Ахметовтың мерзімінен бұрын жеңіске жетуге де мүмкіндіі болды. Бірінші раундтың өзінде-ақ қазақстандық жақсы комбинация көрсетті. Ол қарсыласының тікелей бағытталған соққысынан қашып, Оңтүстік кореялық спортшыны ұстап алып, көтерді. Ал содан кейін Ахметовтың соққысынан кейін Кимнің беті  қанға боялып, кездесуді аяқтауға тура келді. Қазақстандықтың басымдылығы бұдан кейін де байқалды.

Ахметовтың бұл кездесуде айқын фаворит екені жайлы журналист Джеймс Гойдер ерекше атап өтті.

"Қайрат Ахметов Де Хван Кимге қарсы толық үстемдік жүргізді. Ол муай-тай/ таэквондо шеберлерінен де мықты болып шықты", - деп жазды Гойдер өз твиттерінде.

Бұл Ахметовтің қатарынан сегізінші, ал жалпы алғанда октагондағы  24-ші  жеңісі болды. Arlan MMA Pro командасының атынан шыққан 33 жастағы қазақстандық өзінің 2019-жылдың наурыз айының соңында өткізген соңғы жекпе-жегінде аустралиялық Рис Макларенді де жеңген болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу