AIBA Әлем чемпионатының қайда өтетінін жариялады

1987

2021 жылы бокстан ерлер арасындағы Әлем чемпионаты Белградта өтеді, деп хабарлады Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) ресми сайты.

AIBA Әлем чемпионатының қайда өтетінін жариялады

Сербия астанасында өтетін турнирдің нақты қай күні басталатыны кейін белгілі болады. Бұл түзетулер коронавирус пандемиясына байланысты 2020-жылы өтуі тиіс Олимпиада ойындарының 2021-жылға шегерілгеннен кейін енгізіліп отыр.

Бастапқыда бокстан Әлем чемпионаты 2021-жылы Нью-Деелиде өтуі керек еді. Бірақ, Үндістан астанасы AIBA алдындағы қаржылай міндеттемелерді орындамағандықтан, турнир Сербияда өтетін болды. Осы жағдайға байланысты Нью-Дели айыппұл ретінде AIBA-ға 500 мың доллар төлейтін болды. Ал, Белгард өз тарихында екінші мәрте бокстан Әлем чемпионатын қабылдайды. Бұған дейін аталған дода 1978 жылы өткен. Сондай-ақ 2021 жылы әйелдер арасында да бокстан Әлем чемпионаты ұйымдастырылады. Алайда оның өтетін орнын AIBA кейінірек мәлімдейтін болады.

Естеріңізге сала кетсек, ерлер арасында бокстан 2019-жылы өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алты медаль – бір алтын, бір күміс және 4 қола иеленген еді. Ал, жалпыкомандалық есепте Өзбекстан және Ресей құрамаларынан кейін 3-нәтиже көрсетті.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу