AIBA-ның жаңа президенті сайланды

2157

Сайлауға 150-ден астам елден делегаттар қатысты.

AIBA-ның жаңа президенті сайланды

2017 жылы шілде айының соңында AIBA Атқару комитетінің 13 мүшесі Чинг-Куо Вуға сенімсіздік білдірді. Себептердің бірі ұйымның қаржылық мәселелері болатын. Сондай-ақ төрешілер жанжалдары болды. Бірақ олар Вудың кетуімен аяқталмады. Бокс Олимпиада ойындарының бағдарламасынан шығарылуға аз-ақ қалды. Одан кейінгі Халықаралық бокс қауымдастығының президенті Өзбекстаннан келген кәсіпкер Гафур Рахимов қылмыстық құрылымдармен байланысы бар деген күдікке ілінді. Ол AIBA мен ХОК арасындағы қарым-қатынасты жақсарта алмады. Енді AIBA Халықаралық Олимпиада қауымдастығымен ара-қатынасты жақсарту жолында жаңа қадам жасады.

Халықаралық олимпиадалық комитеттің атқарушы комитетінде 12 желтоқсан, сенбі күні Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) президенттік сайлауы өтті. Іс-шара AIBA конгресі аясында онлайн режимінде ұйымдастырылды. Дауыс беруге қатысқан 150-ден астам елден келген делегаттардың басым бөлігі Ресей бокс федерациясының хатшысы, AIBA Атқару комитетінің мүшесі, Еуропалық бокс конфедерациясының (EUBC) бірінші вице-президенті Умар Кремлевті сайлады.

Кремлев қазіргі таңдағы олимпиадалық спорт түрінен халықаралық ұйымды басқаратын үшінші Ресей азаматы болды.

"Барлық ұлттық федерацияларға маған сенім білдіргендері үшін алғыс айтқым келеді. Бокс қауымдастығының бүгінгі таңдауы - біздің AIBA-ны ертең күтіп тұрған жаһандық реформаларға бірлесе отырып, дайын екендігімізді көрсетеді. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз қысқа мерзімде AIBA-ны өзінің бұрынғы ұлылығына және әлемдік спортты дамытуға мүдделі барлық адамдардың сенімін қайтара алатынымызға сенімдімін.

Біздің ең басты міндетіміз AIBA-ның қарыздарын төлеу. Президенттік сайлауға қатысу туралы шешімімді жариялағанда уәде еткенімдей, біз қарыздарымызды алғашқы алты айда төлеуіміз керек. Менің басты мақсатым екі жыл ішінде 50 миллион доллар жинауға бағытталады. Бұл қаражат AIBA-ны қалпына келтіруге және дамытуға жұмсалады", - деді Кремлев.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу