Аида Балаева Дастан Сәтпаевқа "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын табыстады

102

Министр өз құттықтауында спортшының жетістіктері өскелең ұрпаққа үлгі екенін айтты.  

Аида Балаева Дастан Сәтпаевқа "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын табыстады Фото: gov.kz

Спортшы осыған дейін матчтарға қатысуына байланысты 2025 жылғы 26 қарашада өткен "Дарын" сыйлығын тапсыру рәсіміне қатыса алмаған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Қайрат" футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева талантты футболшыға "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын салтанатты түрде табыстады.

"Бүгінде сіз үздік нәтижелер көрсетіп, балаларды және бүкіл қоғамды футбол ойнауға, спортты қолдауға жігерлендіріп жүрсіз. Президентіміз атап өткендей, кез келген еңбек ел дамуы үшін құнды әрі маңызды. Сіздің табыстарыңыз жалғаса беретініне сенімдімін. Бұл марапат жаңа белестерге жол ашып, өзгелерге мотивация берсін", – деді Аида Балаева.

"Дарын" сыйлығы – жыл сайын талантты жастарға ғылыми және шығармашылық қызмет, қоғамдық жұмыс, жоғары спорттық жетістіктері бойынша берілетін марапат.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев 16 жасында Англияның "Челси" футбол клубымен келісімшартқа отырып, 18 жасқа толған шағында Лондонға аттанады. "Қайрат" сапында бірнеше рекорд орнатқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу