Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

273

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды Фото: Ақорда

Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды", – деп хабарлады Ақорда.

Бұған дейін Мәжіліс Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына Аида Балаеваның кандидатурасына келісім берген болатын. 

"Бұл мәселе "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды", – делінген Мәжіліс таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу