Аида Ресейдің алты дүркін чемпионы сапында

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2759

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасының ойыншысы Аида Гайстенова "Звезда-2005" клубы сапындағы алғашқы ойынын өткізді.

Аида Ресейдің алты дүркін чемпионы сапында Фото: rfs.ru

Аида былтырдан бері Ресей чемпионатында ойнап, тәжірибе жинақтап жүр. Өткен маусымда "Енисей" (Красноярск) клубының намысын қорғап, 16 рет алаңға шыққан болатын (13 ойын –чемпионатта, 3 мтч – кубок додасында). Ал жақында көрші елдің алты дүркін чемпионы және кубогын алты мәрте жеңіп алған "Звезда-2005" (Пермь) клубының сапына ауысты.

Гайстенова "Звезда-2005" клубымен бір жылға келісімшартқа отырыпты. Бұл команда былтыр Ресей чемпионатында 3-орынға ие болып, кубогын жеңіп алған. Кеше көрші елде жаңа маусым басталып, бірінші турдың ойындары өтті. Пермь клубы өз алаңында "Локомотив" (Мәскеу) қыздарын қабылдаған болатын.

Аида алаңға екінші тайм басталған бетте шықты. Бұл кезде есеп ашылмай, екі команда табан тіресе тайталасып жатқан. Өкінішке қарай, 64-минутта алаң иелерінің бір ойыншысы (Берендеева) екінші рет ескерту алып, алаңнан қуылды. Осыдан кейін қонақтар шабуылды үдетіп, бір гол соғып кетті. Матч соңында "Звезда-2005" қарқындарын үдетіп, мәскеуліктерді қыспақа алғанымен, таразы басын теңестіре алмады.

Айтпасақ та ештеңе етпес, әйтсе де, сөз соңында естеріңізге сала кетейік, былтыр Латвияның tvnet.lv порталы әлем футболындағы сексуалды қыздар ондығын (TOP-10) құрастырып, біздің Аида осы тізімге іліккен. Басқаша айтқанда, Гайстенова – қазір Еуропада көпшілікке танымал футболшы қызымыз.

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу